Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық 40 жастағы боксшы Брэд Остинмен жұдырықтасады.

Boxrec.com ақпаратына сүйенсек, жекпе-жек 22 шілдеде Шарлоттағы (Солтүстік Каролина, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді.

Сондай-ақ, Ахмедов 30 маусымда WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта Солтүстік Америка чемпионы титулына таласады деп хабарланған болатын. Бірақ бұл кездесу жайында BoxRec.com порталында ресми ақпарат жоқ.