Қазақстан чемпионатының бірінші лигасы аясында «Екібастұз» өз алаңында «Қайрат А» командасын қабылдады.

Тартысқа толы ойында қос команда тең ойын көрсетті. Бірінші тайм 0:0 есебіммен аяқталса, екінші таймда жанкүйерлер екі гол көрді. Өкінішке қарай, қос команда кім мықтыны анықтай алмай, негізгі уақытта да 1:1 есебімен тең түсті. «Қайрат А» сапынан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Айбол Әбікен көзге түссе, алаң иелері Ануарбековтың көмегімен қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Естеріңізге салайық, бірінші кездеуде алматылық ұжым «Екібастұздан» басым болған.