Әлем және Еуропа чемпионы, бұрынғы «Реал» клубының қорғаушысы Альваро Арбелоа мансабын аяқтады, деп хабарлайды испаниялық басылымдар.

«Мен физикалық тұрғыдан әлі ойнауға дайынмын. Алайда үлкен спортпен қош айтысатын уақыт келді. «Реал» менің ең сүйікті командам.Болашақтамадридтік клубтан жұмыс сұрамаймын, ал егер ұсыныс түссе қуана барамын», - деді Арбелоа.

Айта кетейік, Арбелоа «Реал», «Ливерпуль», «Вест Хэм» клубтарында ойнаған.