Қазақстандық төрешілер бригадасы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде қызмет етеді.

Azerisport.com ақпаратына сүйенсек, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі әзірбайжандық «Зире» мен люксембургтік «Дифферданж» матчында қазақстандық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші – Данияр Сахи. Оған алаң жиегінде Юрий Тихонюк пен Әлібек Әубәкіров, төреші рефери Марат Ысқақов көмектеседі.

Естеріңізге сала кетсек, «Зире» - «Дифферданж» матчы 29 маусымда Бакуде жергілікті уақытпен 21:00-де басталады.