Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) жолдастық кездесуде испаниялық «Химнастикті» тас-талқан етті.

Қазақстандықтар сапынан Руслан Джарлаев, Дмитрий Савченко, Станислав Басманов және Вячеслав Швырев (дубль) көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Келесі жолдастық кездесу 28 маусымда Каталония құрамасына қарсы өтеді.

Қазақстан (U17) - «Химнастик» (U17) (Таррагона) 5:1

Қазақстан құрамасының голдары: Руслан Джарлаев 12, Вячеслав Швырев 32, 41, Дмитрий Савченко 51, Станислав Басманов 72