Геннадий Головкин (37−0, 33 КО) мен Саул Альварес (49−1−1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің билеттері нақты қанша тұратыны Нью-Йорктегі баспасөз конференциясында анықталады. Дегенмен ESPN.com сайты бұған қатысты ақпаратты жариялап үлгерді. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Билеттерді бейсенбіден бастап T-MobileArena.com және AXS.com сайттарынан сатып алуға болады. Ең арзаны 300 доллар (96 600 теңге), ең қымбаты 5 000 доллар (1 610 000 теңге) тұрады.

Сондай-ақ 500 доллар (161 000 теңге), 700 доллар (225 400 теңге), 800 доллар (257 600 теңге), 1 500 доллар (483 000 теңге), 2 000 доллар (644 000 теңге) және 2 500 доллардың (805 000 теңге) билеттері бар.

Айта кетейік, Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастегі «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.