Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс келесі кездесуін 16 қыркүйекте өткізеді.

Boxingscene.com ақпаратына сүйенсек, жекпе-жек Лондонда өтеді. Әзірше британиялықтың қарсыласы белгісіз. Канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады деп күтілуде.

Айта кетейік, дәл осы күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізеді.