Тайпейдің Тайчунг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Бұған дейін грек-рим күрес шеберлері екі күміс, үш қола медаль еншілеп, жалпы есепте екінші орында аяқтаған еді. Бүгін еркін күрес шеберлері мен жас аруларымыз сайысқа түсті.

Жас аруымыз Айна Теміртасова (63 кг) финалдық бәсекеге жолдама алып, жапониялық спортшымен күш сынасты. Финалда жерлесімз Мисузу Енамотоны тізе бүктірді. Қорытынды есеп 5:3 қазақстандық спортшының пайдасына.

Осылайша, күрес түрлерінен жастар арасындағы құрлық чемпионатында алғашқы алтын медальды Айна Теміртасова еншіледі.

Естеріңізге салайық, жерлесіміз Дархан Қалкенов (50 кг) Азия чемпинатының күміс жүлдегері атанған еді.