Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астана қаласындағы мекемелердің бірінің ашылуына қатысқаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Шарада орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) түскен суретін өзінің Инстаграм парақшасында тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев жариялаған.

Танымал бокс жұлдызымен түскен суреттерін ашылу салтанатына шақырылған басқа да қонақтар әлеуметтік желілерде жариялады.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ спортшының 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне келетінін жариялаған болатын.