Британиялық боксшы, WBC чемпионы Тони Белью өзінің pound-for-pound рейтингісін жасады.

Рейтингіге бес боксшы енді. Украиналық Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші орында – америкалық Андре Уорд. Қазақстандық Геннадий Головкин – үшінші сатыда.

Қазақстандық боксшыдан кейінгі орындарды мексикалық Сауль Альварес пен кубалық Гильермо Ригондо еншіледі.