«Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде футболдан жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуін көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады. Жартылай финалдық ойындар 8 маусым күні Уругвай – Венесуэла және Италия – Англия жұптары арасында өтеді. Финалды 11 маусымда сағат 15:50-де финалды тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасында тамашалай аласыздар.