«Хабар» телеарнасы бүгін түнде бір футбол матчын тікелей эфирде тамашалай алады. 7 маусымнан 8-не қараған түні Италия мен Уругвай құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Ниццада болатын ойынды «Хабардан» тамашалауға мүмкіндік бар. Трансляция Астана уақытымен 00:30-да басталады. Ойында Ермұхамед Мәулен мен Амангелді Сейітхан комментатор болады деп күтілуде.