Британиялық кәсіпқой боксшы Келл Брук америкалық Эррол Спенске қарсы кездесу алған жарақаты туралы айтып берді.

- Жетінші раундтан бастап көзім аура бастады. Спенстің соққыларына жауап беру қиын болып кетті. Кейін, дәрігерлердің сөзі есіме түсті. Головкинмен өткен кездесудегідей көзімді жарақаттап алдым. Денсаулығымды ойлап, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болдым. Көзіме қайта ота жасайтын сияқтымын, - деді Брук.

Естеріңізге сала кетсек, Брук кеше түнде америкалық Эррол Спенстен техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.