Қазақстандық Максим Раков дзюдодан Азия чемпионы атанды.

Гонконгте өтіп жатқан құрлықтық бәсекенің финалында отандасымыз кореялық Ким Хен Чхольден басым түсті. Аталмыш белдесу 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті. Еске сала кетейін, кеше Елдос Жұмаханов финалда жеңіліп қалып, күміс медаль алған болатын.