«Вест Хэм» клубының баспасөз қызметі қорғаушы Альваро Арбелоа келесі маусымда клубтың намысын қорғамайтындығын хабарлады.

34 жасар ойыншының лондондық клубпен келісімі маусымның соңында аяқталады. Екі жақ келісімді ұзартпауды жөн санаған.