«Рома» клубының жартылай қорғаушысы Франческо Тотти 28 мамыр күні римдік клуб сапындағы соңғы кездесуін өткізетінін айтты.

Бұл жайлы футболшы өзінің «Facebook» парақшасында жазды.

2017 жылдың 28ші мамыр күні өтетін «Рома» - «Дженоа» кездесуі мен үшін соңғы болмақ. Ал дүйсенбіден жаңа белестерді бағындыруға кірісемін», - деді Тотти.