Грек-рим күресінен Қазақстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы Грузияға ұшып кетті.

Бұл елде құрама жиын өткізбек. ОЖЖ-ның соңында палуандарымыз «В.Балавадзе және Г.Картозиа Гран-Приіне» қатысады. Жарыс 10-12 маусымда Тбилисиде өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы 23 жасқа дейінгі палуандар арасында алғашқы әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік дода 21-26 қарашада Польшаның Быдгощ қаласында ұйымдастырылады.