Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменовтің (17-2, 11 КО) жаттықтырушысы Тейлор Берри боксшысының алдағы жекпе-жегі жайлы айтты.

«Бейбіт алған жарақатынан айығып келе жатыр және WBA бойынша әлем чемпионы атағын осы жылы қорғайды» — деді Берри өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов 29-шы сәуір күні кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алуына байланысты кездесу кейінге шегерілді.