Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы титулдық жекпе-жек алдында баспасөз-мәслихатына қатысты.

«Кез келген қарсыласпен жекпе-жекке дайынмын, себебі мен – нағыз боксшымын. Алғашқы жаттығуымнан-ақ әлем чемпионы болғым келді. Қарсыласым кім? Майк Тайсон ба? Маған бәрібір. Бұл мені алаңдатпайды. Мені алаңдататын тек – өзім, жекпе-жекке қалай дайындалуым», - деді Ислам.

Айта кетейік, Ислам – Гонсалес кездесуі 26 мамырда Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын сарапқа салады.