Астана қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 65 турнирі өтіп жатыр.

Алтыншы кездесуде жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 кг) қазақстандық Жасұлан Әкімжан тәжікстандық Ардаршер Мурадалиевпен кездесті.

Кездесу бес минуттан үш раунд форматында өтті. Алғашқы раундта қылқындыру әдісімен Жасұлан қарсыласынан басым түсті.