Астанадағы «Барыс Аренада» аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 65 турнирі өтіп жатыр.Бесінші кездесуде жартылай орта салмақта қазақстандық Әділ Боранбаев пен ресейлік Владислав Шабалин кездесу өткізді. Үшінші раундта отандасымыз Боранбаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Шабалиннің командасы октагонға орамал тастаған болатын.