«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында мамырдың 13-19 күндері ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» өтуде.
Аталмыш шара осымен екінші жыл қатарынан Алматы қаласында ұйымдастырылуда. Шараның басты мақсаты ұлттық спорт түрлерін көпшілікке дәріптеу, ат спортын дамыту, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.
Айта кететін жайт, доданың іріктеу кезеңдері аяқталды. Ертең ақтық сайыстар басталады. Жарыс Алматы қаласының атшабарында өтуде. Ал сағат 12:00-де фестивальдің ашылу салтанаты болмақ.
Комментарии