«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында мамырдың 13-19 күндері ұлттық спо­рт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» өт­уде. Аталмыш шара осымен екінші жыл қатарынан Алматы қаласында ұйымдастырылуда. Шараның басты мақсаты ұлттық спорт түрлерін көпшілікке дәріптеу, ат спортын дамыту, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.

Бүгін «Сұңқар» трамплиндер кешенінде осы фестивальге арналған баспасөз маслихаты өтті. Жиынға Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, Қазақстан ұлттық спорт түрлері ассоциациясының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов және көкпар ұлттық спорт түрінен Қазақстан құрамасының бапкері Рамазан Сәттібай қатысты. Ең алдымен Алматы спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев сөз сөйледі.

«Ұлы дала ойындары» екінші жыл қатарынан Алматы қаласында өткізілуде. Шабандоз спортшыларымыз ұлттық спорт түрлерімен қоса дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап келеді. Біздің басты мақсатымыз - ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсету. Екінші мақсатымыз - жарысты шалғайда емес, Алматыдағы атшабарында өткізу. Биылғы жарысқа қатысушылар саны көбейіп, жаңа рекордқа қол жеткіздік. Фестивальге қатысушылар саны 600-ге жетті. Осы жылдың күнтізбесіне сәйекес 89 жарыс белгіленген. Апта сайын көкпардан бір жарыс ұйымдастырылады. Оның қаражатын Алматы қаласының әкімдігі мен жеке кәсіпкерлер көтереді. Сонымен қатар, фестивальда аламан бәйгеден бөлек ұшқыр бәйге, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату және қазақ күресінен спортшыларымыз өнер көрсетеді. Ертең сағат 12:00-де жарыстың ашылу салтанаты өтіп, ақтық сайыстар басталады», - деді қалалық спорт басқармасының жетекшісі.

Қазақстан ұлттық спорт түрлері ассоциациясының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов та пікір білдірді. Оның айтуынша, биылғы фестивальдің ерекшелігі бәйге жарысынан Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Бәйге жарысы аккредитацияланып, ресми түрде спорт түріне енгізілген. Жарысыта жүлделі орын алған спортышлар мен бапкерлерге спорттық дәреже берілмек.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның түкпір-­түкпірінен келген сп­ортшылар 19 ұл­ттық спорт түрлеріне­н сайысқа түседі.