Нью-Дели төрінде еркін күрес шеберлері ел намысын қорғауда. Бүгін 57, 65, 74, 97 келі салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды.

57 келіде бедесетін балуанымыз Нұрислам Санаев алғашықы кездесуінде қытайлық спортшыны ұтса, ширек финалда солтүстік кореялық Кусмсонг Риді тізе бүктірді. Ал жартылай финалда монғолиялық спортшы Занабаза Занданбудтан жеңіліп, үшінші орын үшін сайысқа түсті. Қола медаль үшін белесуде жерлесіміз қырғыстандық Ұлықбек Жолдошбековпен күш сынасты. Қазақстандық балуан қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.