Күрестен Азия чемпионатының алғашқы күндері грек-рим күрес шеберлері бір алтын, үш күміс, бір қола медаль ұтып, жалпы есепті 3-ші орынды иеленген еді. Енді Нью-Дели төрінде әйелдер күресі басталды. Жарыстың үшінші күні төрт аруымыз жүлделі орындар үшін белдесетін болады.

48 келі салмақта отандасымыз Ирина Борисова үшінші орын үшін қырғыз спортшысы Саяна Баизовамен күреседі. Аяулым Қасымова қола медель үшін 60 келі салмақта өзбек қызы Набира Есенбаевамен кездессе, Эльмира Сыздықова қытайлық Фенг Жоумен 69 келі салмақтың үшінші орны үшін белдеседі.

53 келідегі Жұлдыз Ешімова финалдық белдесуде жапониялық Мая Мукаидаға қүш сынасады.

Айта кететін жайт, Финал Астана уақытымен18:30-да басталады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін 75 келіде белдесетін жерлесіміз Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.