Нью-Делиде грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтуде. Бүгін жарыстың екінші күні үш салмақ дәрежесінде (59, 71, 85) жерлестеріміз тартысқа түсті.

85 келіде қазақстандық Азамат Құстыбаев ширек финалда қырғыз балуанын ұтып жартылай финалға жолдама алды. Алайда жартылай финалда жерлесіміз ирандық Хасан Ноуридан ұтылып қалды. Азамат енді Дели төрінде үшінші орын үшін күш сынаспақ. Оның болашақ қарсыласы әлі анықталмады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Мақсат Ережепов Азия чемпионы атанса, Алмат Кебіспаев пен Дамир Күзембаев күміс жүлдегені иеленді, ал Ерұлан Искаков қола жүлдені жеңіп алды.