Александр Недовесов өзбекстандық Каршидегі ATP Challenger турнирінде екінші айналымнан өтті.

1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Виталий Козюковтан айласын асырды.

1 сағат, 27 минутқа созылған матч Недовесовтың пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Енді Александр түркиялық Джем Илькельмен күш сынасады.