Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің екінші кезеңіне шықты.

Жарыстың бірінші айналымында жерлесіміз ұлыбританиялық Кэти Даннды жеңді - 6:2, 6:0.

Келесі айналымда Зарина жапониялық Эрина Хаяшимен күш сынасады.