Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде бес салмақ дәрежесі (66, 75, 80, 98, 130) бойынша медальдар сарапқа салынды.

66 келіде Қазақстанның намысын Алмат Кебіспаев қорғаған болатын. Турнирдің фавориті саналған Алмат жарысты ширек финалдан бастады. Отандасымыз алғашқы қарсыласы қытайлық Донгтан айласын асырса, жартылай финалда жапониялық Такахсимен күш сынасты. Танымал балуанымыз қарсыласын тәжірибесінің арқасында ұтып, финалға жолдама алды. Ақтық кездесуде Алмат солтүстік кореялық балуан Пангке есе жіберіп Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, дәл осы солтүстік кореялық палуан тағы бір қазақ Өзбекстан атынан сынға түскен Елмұрат Тасмұратовтың да жолын бөгеген болатын. Елмұрат оған жартылай финалда есе жіберді.