Boxingasylum.com журналисі Томми Аллан қазақстандық Геннадий Головкинді сынға алды.

«GGG фанаттарының пікірінше, «Канелоның» орта салмақтағы ең үздік жеңісі – 155 фунтта Мигель Коттоны ұтуы. Иә, Коттоны 155 фунтта ұту Головкиннің мансабындағы ең маңызды жеңіс болар еді!», - деп жазды Аллан твиттерде.

Айта кетейік, Альварес пен Котто 2015 жылы қарашада Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Сол кезде Канело төрешілер шешімімен жеңген еді.

Альварес пен Головкин кездесуі биыл 16 қыркүйекте өтеді.