Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегін өткізуі мүмкін ареналар саны көбейді. Бұл туралы Golden Boy президенті Эрик Гомес LAtimes.com тілшісіне айтты.

Сонымен, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena, Далластағы AT&T Stadium және Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденнен» бөлек мына ареналар да жекпе-жекті өткізуге ниет білдірді: «Уэмбли» стадионы (Лондон), «Стэйплс-центр» (Лос-Анджелес) және «Ацтека» стадионы (Мехико).

Назарларыңызға жоғарыда айтылған ареналардың сыйымдылығын ұсынамыз:

T-Mobile Arena - 20 мың

AT&T Stadium - 80 мың

«Мэдисон Сквер Гарден» - 20 789

«Уэмбли» - 90 мың

Стэйплс-центр - 20 мың

«Ацтека» - 105 мың

«Канело мен Геннадийдің алдында қарыздармыз. Оларға ең жақсы ұсыныс жасаған, жекпе-жекті өткізуге сәтті болатын үздік орынды табуымыз керек», - деді Гомес.

Айта кетейік, Альварес пен Головкин кездесуі биыл 16 қыркүйекте өтеді.