Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин ATP Masters категориясына жататын Мадридтегі турнирді сәтті бастады.

Турнирдегі алғашқы ойынын Даниэл Муньосқа қарсы өткізген жерлесіміз үш сет қортындысында 7:6, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы Хорватия өкілі Борна Чорич болмақ. Қай жеңгені турнирдің негізгі бөлігіне жолдама алады.