Грекиялық теннисші Константинос Микос бәс тігіп, келісілген матч ұйымдастыруға қатысқаны үшін өмір бойы жазаланды.

Теннистегі парақорлықты тексеру (TIU) бойынша тәуелсіз комиссияның зерттеуіне сүйенсек, 2013 жылы Микос отандасы Александрос Якуповичке сет пен матчтағы қажетті есеп үшін ақша төлеген. Микос букмекерлік кеңселерден екі аккаунтпен кіріп, бәс тіккен. Якупович 2015 жылы өмір бойы теннистен шеттетілген болатын.

25 жастағы грек АТР рейтингісінде 1536-шы сатыда тұрған еді.