Төрттік финалдың үшінші орын үшін матчында алматылық «Қайрат» ресейлік «Югра» клубымен күш сынасты.

Ойынның бірінші кезеңі голға толы болды. Жанкүйерлер төрт голдың куәсі болды. Кездесудің екінші минутында «Югра» ойыншысы Шаяхметов қонақтарды алға шығарса, артынан «Қайраттың» венгриялық легионері Золтан Дрот есепті теңестірді. Алғашқы кездесуде қателік көп жіберген алматылық клуб осы жолы да Данил Давыдовтан көз жасып қалды. Ресейлік ойыншы қатені кешірмей бірден голға айналдырды. Алайда тек алға шабуылдай берген Какау шәкірттері қарсыластың қақпасынан саңылау тапты. Көзге түскен Давыдов осы жолы өз қақпасына да бір доп тоғытты.

Какау шәкірттері кездесудің екінші таймында тағы да қателікке бой алдырып қақпасына гол өткізіп алды. Ресейлік комнданың сұрмергені Лыськов көзге түскен. Екі минт өтпей жатып Тайеби тараз басын теңестірді – 3:3. Алматылық клуб кездесу тағдырын негізгі уақытта шешуге бел буды. Игита ойынға жиі араласып алыстан соққы жасай бастады. Нәтижесі – гол! 33 минутта қақпашымыз қақырата соққы жасаған. Доптың бағытын өзгерткен Кабреува өкшемен гол соқты. Қақпасына гол жіберген Кака шәкірттері барын салып, есепті теңестіре алды. Алайда «Қайрат» алаңда қожайын екенін делдеп, керемет комбинациядан нәтиже шығарды. Гол авторы - Диваней. Алаңға бесінші ойыншы қосқан қонақтар ойынның негізгі уақытында есепт теңестіре алды. Гол соққан Марсенио.

Алматы қаласы. «Алматы Арена»

УЕФА Кубогының төрттік финалы, Үшінші орын үшін матч.

«Қайрат» - «Югра» (2:2) 5:5 Ойын соңындағы пенальти 3:2

«Қайрат»: Игита, Игор, Мораеш, Дуглас Жуниор , Диваней, Ранкальо, Жаманқұлов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас, Евертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов

«Югра»: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсейиньо, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата

Голдар: Дрот 9, Тайеби (25), Кабреува (37), Диваней (39) - Шаяхметов (2), Кайо (14), Давыдов (автогол 16), Лысков (23),