Алматылық клуб УЕФА кубогының қола медалі үшін таласады.

Үшінші орын үшін өтетін «Югра» мен «Қайрат» арасындағы матч 16:30-да басталады. Ойынды «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейін, алматылық ұжым өз тарихында бесінші рет үшінші орын үшін өтетін матчқа қатысады. Екі рет жеңіске жетіп, екі рет төртінші орын алды.