Futsalplanet.com порталының дауыс беру нәтижесі белгілі болды.

Қазақстан өкілдері, ұлттық құрама мен «Қайрат» футзал клубының ойыншылары бірнеше номинацияда үміткерлер қатарына енді.

Нәтижесінде, «Қайрат» футзал клубы мен ұлттық құраманың қақпашысы Игита екінші жыл қатарынан әлемнің үздік қақпашысы атанды. Екінші орында испандық Пако Седано болса, үшінші орында аргентиналық қақпашы Николас Сармьенто.

Ұлттық құраманың үздік бапкері номинациясында Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Какау үшінші орынмен шектелді. Бұл номинайияда Аргентина құрамасының бапкері Рауль Густоцци үздік шықты.

Клубтар арасындағы үздік бапкер Интер» тізгінін ұстаған Хесус Веласко. Ал «Қайрат» футзал клубының бапкері Какау екінші орында қалып қойды. Үздік үштікті «Югра» бапкері Кака түйіндеді.

Әлемнің үздік клубы испаниялық «Интер» деп танылды, 349 ұпай жинаған «Қайрат» үшінші орыннан аса алмады.

Үздік ұлттық құрама номинациясы Аргентина құрамасының қанжығасында кетті. Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы орында.

Әлемнің үздік ойыншысы – «Интер» мен Португалия құрамасының ойыншысы Рикардинью. 31 жасар ойыншы үш жыл қатарынан әлемнің үздік ойыншысы атанып отыр.

Futsal Planet Awards-2016 номинациясының жеңімпаздары :

Үздік қақпашы (әйелдер) – Белен Марсо (Испания)

Әлемнің үздік ойыншысы (әйелдер) – Амандинья (Бразилия)

Әлемнің үздік қақпашысы (ерлер) – Игита (Қазақстан, «Қайрат»)

Әлемнің үздік ойыншысы (ерлер) – Рикардинью (Португалия/ «Интер»)

Үздік төреші – Фернандо Лумбрерас (Испания)

Үздік ұлттық құрама – Аргентина

Клубтың үздік бапкері – Хесус Веласко (Испания, «Интер»)

Ұлттық құраманың үздік бапкері – Рауль Густоцци (Аргентина)

Әлемнің үздік клубы – «Интер» (Испания)

Әлемнің үздік жас ойыншысы – Адольфито (Бразилия)