Ресейлік ММА шебері Александр Емельяненко Внуково әуежайында шу шығарды.

Жексенбі, 23-ші сәуірде, Емельяненко Грозныйға ұшып кетуі тиіс еді, бірақ ол кешігіп қалған.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен спортшы тіркеу бөлімінде тұрған қызбен сөзге келіп, кейін екінші қабатта сыра ішкен. Содан кейін бірінші қабаттағы барға барған. Кафеден шығып бара жатып, екі сөмке қалдырып кеткен. Қызметкерлер оны қайтып келеді деп ойлаған. Брақ Емельяненко оралмады. Әуежай қызметкерлері кинологтарды шақырып, сөмкені тексерткен. Оның ішінде тек спорттық жарақтар салынған болып шықты.