Алтыншы мамыр күні АҚШ-та 26 жасар Саул «Канело» Альварес пен 30 жасар кіші Хулио Сезар Чавес кездеседі. Соңғысының сөзінше Саул «Канело» Альваресті кездесуде қиындықтар күтіп тұр.

«Ұзақ уақыттар бойы жанкүйерлер екеуміздің кездесуімізде кімнің жеңіске жететінін білгісі келді. Менің ойымша Мексика елінің атын шығаратын үздік боксшы менмін деп ойлаймын. Себебі мен үздіктермен кездесуден ешқашан қашқан емеспін. Бұл тарихта қалатын кездесу. Канело, дайындал, сен алтысы күні құлайсың! Жанкүйерлер осыны көргісі келеді. Ендігі кезекте сен нағыз мықтымен күш сынасасың. Бұрынғыдай шау тартқан немесе өзіңнен кіші береумен емес», - деді кіші Хулио Сезар Чавес.