Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті чемпион Леннокс Льюис алда болатын Кличко мен Джошуа кездесуінде украиналық боксшы жеңілетін болса бокстан кетуі керектігін айтты, деп хабарлайды, allboxing.ru.

«Джошуа қазір жақсы формада. Ол әлі жас. Ал Владимир болса қазір қырық бірді. Оның аяқтары бұрынғыдай жылдам емес. Егер ол бұл кездесуде жеңіліп жатса, спорттық мансабын аяқтағаны дұрыс. Мен өз басым солай жасайтын едім», - дейді Леннокс Льюис.

Естеріңізге салсақ, Кличко мен Джошуа кездесуі 29-шы сәуір күні Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді.