Жеңіл атлетикадан Қытайдың Цзиньхуа қаласында Азия біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстанның атынан 16 спортшы (12 әйел, 4 ер) қатысып, аруларымыз екі бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы алтынды Виктория Зябкина 100 метрлік қашықтықта жүгіруден қанжығасына байласа, 4х100 эстафетасында қыздарымыз екінші алтынды ел қоржынына салды. Универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтті. Екінші болып тағы бір қазақстандық Ольга Сафронова 11,59 секунд нәтижесімен мәреге жетті.

Айта кететін жайт, эстафетада Римма Кашафутдинова (Қарағанды), Светлана Голендова (Жамбыл), Анастасия Тулапина (Алматы) және Юлия Рахманова (Алматы) жарыс жолына шыққан еді.