Түркіменстанның Ашхабад қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде.

Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер қоссайыстың қорытындысы бойынша 69 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.