Хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионында Қазақстан құрамасы бүгін үшінші матчын өткізді.

Алғашқы ойында қазақстандық хоккейшілер Австрияны 3:2 есебімен жеңген болатын. Артынша сенсациялық түрде Оңтүстік Кореяға жол берді – 2:5.

Ендігі қарсылас Польша құрамасы болған. Бұл командада да дәл осындай нәтиже еді. Екі ұжымда да 4 ұпайдан.

Өзара ойында кім мықтыны анықтау қиын болды. Хоккейшілер үш кезеңде де шайба сала алмады. Тек овертаймда ғана жанкүйерлер гол көрді. Бақытымызға орай, бұл шайбаны қазақстандық Кевин Даллмэн соқты. Қорытынды есеп – 1:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бесінші ұпайына қол жеткізді.