25 сәуірде шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты І дивизионындағы үшінші матчын өткізеді.

Хоккейшілеріміздің қарсыласы – Польша құрамасы. Матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы – 16:20-да.

Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатының алғашқы матчында Эдуард Занковец шәкірттері австриялықтарды жеңген. Екіншісінде сенсациялық түрде оңтүстіккореялықтарға жол берді.