Көлік апатынан қаза тапқан Микеле Скарпониді «Астана» велокомандасының жейдесімен жерлейді. Бұл туралы спортшының жұбайы мәлімдеді.

«Астана» велокомандасы сайтының хабарлауынша, Микеле Скарпониді жерлеу рәсімі ертең, 25 сәуірде, сағат 15:30-да Campo Sportivo di Filottrano-да (Филоттрано, Анкона) өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейін, Скарпони «Джиро д’Италия» көпкүндігінде «Астана» клубының каптитаны болуы керек еді. Микеле Трентода өткен «Альпі Туры» көпкүндік жарыста финишке төртінші болып келген болатын.