Микеле Скарпони «Астана» велокомандасының жейдесімен жерленеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКөлік апатынан қаза тапқан Микеле Скарпониді «Астана» велокомандасының жейдесімен жерлейді. Бұл туралы спортшының жұбайы мәлімдеді.
«Астана» велокомандасы сайтының хабарлауынша, Микеле Скарпониді жерлеу рәсімі ертең, 25 сәуірде, сағат 15:30-да Campo Sportivo di Filottrano-да (Филоттрано, Анкона) өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейін, Скарпони «Джиро д’Италия» көпкүндігінде «Астана» клубының каптитаны болуы керек еді. Микеле Трентода өткен «Альпі Туры» көпкүндік жарыста финишке төртінші болып келген болатын.