Боксшы жеке заттарын «Ұлттық мұражайға сый» науқанының аясында берді, деп хабарлайды «Мой Город» порталы.

Елеусіновтен бөлек, шығармашылық адамдар мен дүниеден озған интеллигенцияның заттары мұражайға тапсырылды. Бұл шараның мақсаты - халықтың тарихи-мәдени мұрасынына көңіл аударту. Оралдықтар қазіргі дейін 270 экспонат тапсырып үлгерген. Бұлар: Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Ақұштап Бақтыгереева, Екатериа Ларионова және т.б танымал адамдардың заттары.

- Қазір бұл заттардың бәрі Оралдағы көрмеде тұр. Кейін біз бұны Астанаға сақтауға алып кетеміз. Біз тарихымызды сақтап қалғымыз келеді. Біздің ұрпақ бұл заттарды көруі керек. Мен өзім Жұбан Молдағалиевтің, Хамза Есенжановтың туыстарына барып, материалдарды бірге іріктедім, - деді ҚР ұлттық мұражайының қорын құрау секторының басшысы Жанна Майқанова.

Кейіннен мұражай заттары көрмеге қойылады.