Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 26-шы мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеспен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды. Естеріңізге сала кетейін, бокс кеші АҚШ-тың Флорида штатында өтеді.

Отандасымыздың қарсыласы - 35 жастағы Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО) рейтингіде Қанаттан жоғары орналасқан. Кездесуде бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental титулдары бәске тігіледі.