Футболдан Испания чемпионатының 33-ші турында «Эйбар» өз алаңында «Атлетикті» қабылдады. Тартысты өрбіген ойынның тағдырын бір гол шешті. Матчтың соңғы минутында Рауль Гарсия бильбаолық командаға жеңіс сыйлады.

Айта кетер жайт, екінші таймның басында алаң қожайындарының ойыншысы алаңнан қуылған болатын.