Австриялық «Зальцбургтың» жастар командасы УЕФА лигасының финалында португалиялық «Бенфиканы» жеңді.

Тартысты өрбіген ойын 2:1 есебімен австриялықтардың пайдасына шешілді. «Зальцбург» сапында Пастон Дак пен Александр Шмидт гол соқса, «Бенфикада» Жозе Гомеш көзге түсті.

Естеріңізге сала кетсек, «Зальцбург» алматылық «Қайратты» УЕФА лигасының жарыс жолынан шығарған болатын (1:8, 0:1).