Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының «А» тобындағы алғашқы ойынын өткізеді. Жерлестеріміздің қарсыласы Норвегия құрамасы.
Кездесуді «Kazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Кездесу Астана уақытымен 23:30-де басталады.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Виталий Колесник, Сергей Кудрявцев;
Қорғаушылар: Кевин Даллмэн, Артемий Лакиза, Александр Липин, Роман Савченко, Максим Семенов, Дмитрий Степанов, Кирилл Полохов;
Шабуылшылар: Брэндон Боченски, Дастин Бойд, Найджел Доус, Максим Худяков, Иван Кучин, Владимир Маркелов, Никита Михайлис, Константин Пушкарев, Антон Сагадеев, Мартен Сен-Пьер, Роман Старченко.
Комментарии